Күңіренген күз де ұқсап тұрғандай бізге,
Махаббаттың гүлі солып қалды ғой түзде.
Ренжімеші күзге, сен үмітіңді үзбе -
Жүрегіңді тыңда, шын бақытыңды ізде...
Жылама, жаным, кінәламағын,
тағдырыңның сені мұңды еткенін.
Жылама жаным, атады таңың-
сенің де келер бір көктемің...
Өкпелейсің кімге, қосылмас Ай мен Күн де
Мәңгі бірге болу жазылды дейсің кімге?..
Мен кетермін жырақ тамшы-мұң
Күзгі жаңбырменен келіп тұрармын бірақ...
Жылама, жаным, кінәламағын,
тағдырыңның сені мұңды еткенін.
Жылама, жаным, атады таңың -
сенің де келер бір көктемің...
среда, 7 октября 2009 г.
Подписаться на:
Комментарии к сообщению (Atom)
Комментариев нет:
Отправить комментарий